
ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Семей қ. ПБ Орталық ПБ-не қаланың 18 жастағы тұрғыны жүгініп, 2021 жылдың мамыр айында таныс емес жігіт сауда үйлерінің бірінің жанында жүріп, алдау және сенімге кіріп, жеке деректерін пайдалана отырып, оның атына қаржы ұйымында 195 000 теңге сомаға ақшалай несие ресімдегенін хабарлаған.
- Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 21 жастағы жергілікті тұрғын анықталып, ұсталды. Жауап алу кезінде күдікті кінәсін мойындады, – деді ведомствода.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санкциясы бойынша мүлкі тәркіленіп, 1000 АЕК дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не 2 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру қарастырылған.
Құрметті ШҚО тұрғындары, өзіңіздің, жақындарыңыздың, туыстарыңыздың, банк карталары туралы мәліметтерді, яғни кез келген құпия (жеке) ақпаратты бейтаныс адамдарға (жеке байланыс кезінде де, телефон арқылы да немесе интернет-хат алмасу арқылы да) хабарламаңыз.
Semeynews.kz