
ШҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ағымдағы жылдың 16 қыркүйегінде сағат18:10 шамасында «Алматы-Өскемен» тас жолының 25 шақырымында, патрульді полиция батальонының ПА 433 экипажымен патрульдеу кезінде 45 жастағы ер азаматтың басқаруындағы «Mitsubishi» автокөлігі тоқтатылды. Көлік салонында жалпы салмағы 66 келі шаян салынған 5 қап табылды. Тасымалданған жүктің тиісті құжаттары болмаған.
Мемлекетке келтірілген шығын – 230 мың теңге.
Жиналған материалдар аталған тұлғаны жауапқа тарту үшін «Зайсан-Ертіс облысаралық бассейіндік балық шаруашылығы инспекциясы» РММ жолданды.
Semeynews.kz