ҚазақстанҚоғамОқиғаТОП

Елордада Тұран даңғылының бойындағы ғимараттардың бірінен өрт шықты

Елордада Тұран даңғылының бойындағы ғимараттардың бірінен өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Сағат 18-33 минутта Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру бөлімшелері Тұран даңғылы 37/10 мекенжайында болған өрт орнына жеке құрамнан 44 адам мен 11 техникасы шақыртуға шықты. Алдын ала ақпарат бойынша ғимараттың шатыры және қаптауы жануда. Шақырту орнына өрт сөндірушілер 5 минуттан кейін жетті. Қазіргі уақытта барлау жұмыстары жүргізілуде»,-делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button