ҚоғамСемейТОП

Семейде қалалық зираттарда екі адам ғана қызмет көрсетуде

Семейде қоғамдық кеңестің отырысы өтті, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Күн тәртібінде мектепке дейінгі білім беретін мекемелердегі балалардың қауіпсіздігі, қаладағы құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қалалық зираттардағы жерлеу рәсімдерін ұйымдастыру мәселелері қаралды.

 

 

  • Бүгінгі күні қаладағы барлық мектепке дейінгі білім беретін мекемелерде бейнебақылау камералары орнатылған, барлық мемлекеттік бала-бақшалар жедел басқару орталығына қосылған. Ішкі істер министрлігі мен білім министрлігінің ортақ бұйрығында жеке меншіктегі бала-бақшалар да жедел басқару орталығына қосылулары көрсетілген. Бұл мұқият назар аударуды қажет ететін нысан. Осы мәселені көтеру керек, балалармен жұмыс істейтін барлық мекемелерді бақылау болу үшін, олардың барлығы жедел басқару орталығына қосылулары керек. Барлық бала-бақшадағы бейнебақылау камераларындағы жазбалар қаралып, бізге апта сайын есептер тапсырады, – деді қалалық білім бөлімінің басшысы Наталия Фесенко.

Кеңес мүшелері баяндаманы тыңдап, жеке меншіктегі бала-бақшалар, аталған мәселеге түсіністікпен қарап, ЖБО-ға тартылуға келісім берулері үшін жұмыстар жүргізу керектігін ұсынды.

Қоғамдық тәртіпке тоқталатын болсақ, бүгінгі таңда Семей полиция қызметкерлерімен 20 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Былтырғы жылмен салыстырғанда, жалпы қылмыстық істер 6%-ға төмендеген.

 

  • Адамдар көп жиналатын орындарда, полиция қызметкерлерінің тұрақты болуларын қамтамасыз ететін стационар бекеттері орнатылды. Талдау нәтижесі бойынша қалада адамдар көп жиналатын бес орын анықталды, сол жерлердің барлығына стационар бекеттерін орнату қажет. Қазіргі уақытта бізде Орталық алаңда және Әуезов алаңында ғана екі стационар бекеті орнатылған. Алайда, бекеттер сумен жабдықтау және электр желісіне қосылмаған. Қазір тендер ойнатылуда, мердігерлер жақында орнатулары тиіс. Әліде, қаржы жетіспеушілігіне байланысты бекітілмеген үш учаске бар, олар – Шығыс кентіндегі «Қамбар» СҮ, Қабанбай батыр және Мамай батыр көшелерінің және де Қабанбай батыр – Засядко көшелерінің қиылыстары, – деп мәлімдеді Семей қ. ПБ жергілікті полиция қызметінің бастығы полиция майоры Бауыржан Садақбаев.

Жиналыс нәтижесі бойынша жергілікті полиция қызметіне тұрғындармен белсенді жұмыс жүргізу ұсынылды.

Зираттарға қызмет көрсету мәселесіне келсек, кеңес мүшелері қалалық зираттардың қазіргі уақытта қоқыс алаңына айналғанына наразылық танытты. ЖШС қызметкерлердің жетіспеушілігінен деп ақталуда. С.Журавлевтің айтуынша, бар жоғы екі адам ғана қызмет көрсетуде.

  • Біз үш зиратқа қызмет көрсетеміз. Жерлеу рәсімдері дініне және регламентке сәйкес жүргізілуде. Қазіргі уақытта зираттарды тазалау бойынша көлемді жұмыстар жүргізілуде. Тек, қоқыстарды шығару мәселесі ашық қалып тұр. Себебі, қоқыстарды полигонға шығару қымбатқа түсуде. Қазір бір жерге жинастыру жұмыстары жүргізілуде. Бұған дейін дініне байланысты жерлеу сұрағы туындаған. Бізде жерлеу туралы келісім және оның қосымшасы бар, ол жерде біз қалай жұмыс істеуіміз керек екені нақтылы жазылған. Ол жерде дініне байланысты шектеулер көрсетілмеген, – деп қорытындылады «Акрополь» ЖШС жетекшісі Сергей Журавлев.

Қалалық зираттарды ұстау мәселесі одан әрі қарай бақылауға алынатын болады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button