
ШҚО ТЖД ақпаратына сүйенсек, 2021 жылғы 21 қыркүйекте өскемендік құтқарушыларға Қазақстан көшесі бойындағы бес қабатты үйлердің бірінде тарс еткен дыбыстан шынылары сынғаны туралы хабарлама түскен.
- Оқиға орнына дереу 2 өрт сөндіру есебі жетті. Анықталғандай, пәтер тұрғыны оттыққа газ құймақ болған. Зардап шеккендер жоқ, – деді баспасөз қызметінде.
Semeynews.kz