Қала тарихыҚоғамСемейТОП

Семейде жер астынан ескі кірпіш қаландылары табылды

Семейдің орталығында қазба жұмыстарын жүргізу барысында ескі кірпіш қаландылары табылды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері мұражайында бұрындары автотұрақ болған. Қазір ол жерде құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Қазба жұмыстары кезінде қызыл кірпіш қалау мен жұмбақ бағандар табылды. Қала тұрғындары біздің редакцияға ерекше олжаның суреттерін жіберді.

“Прииртышье” өлкетану қоғамының хабарлауынша, бұл жерде ертеде жартылай жертөлелі көпестің үйі болған.

“Бұл бағандар емес, құдыққа ұқсайды. Ол қызыл кірпіштен қаланған. Төменгі қабатында жертөлелер орналасқан. Оларда қызыл кірпіштен қаланған“, – деп түсіндірді өлкетану қоғамында.

Айта кетейік, құрылыс алаңының жанында көпес Степанов үйі орналасқан (Невзоровтар отбасы атындағы мұражай). Мүмкін осы алаң Степановтардың үй-жайының бір бөлігі болуы мүмкін.

Semeynews.kz

semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button