
Президент көрші ел басшысымен телефон арқылы әңгімесінде көңіл айтқан.
Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың қарқынды дамуын оң бағалап, Көкшетауда 30 қыркүйекте өтетін Өңіраралық ынтымақтастық форумының маңыздылығына және оның мазмұнды әрі сапалы болуына баса назар аударды. Қазақстан мен Ресей басшылары 16-17 қыркүйек күндері Душанбеде өткен ҰҚШҰ мен ШЫҰ саммиттері аясында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру үшін іс-қимылдарды үйлестіруге дайын екендерін нақтылады.
Еске салайық, бұған дейін Ресейдің Пермь қаласындағы жоғары оқу орнында атыс болғаны хабарланған еді. Оқиға видеосы РЕН-ТВ Telegram-арнасында жарияланды. Куәгерлердің айтуынша, студенттер ғимарат терезесінен секірген. Сондай-ақ, видео кадрларынан атыс естіледі. Кейін атыс салдарынан 8 адам қаза тапқаны хабарланған болатын.
Қылмыстық іс “Адам өлтіру” бабы бойынша тергеледі. Пермь университетінде атыс шығарған адамды ұстау сәтінің видеосы Желіде жарияланды.
Semeynews.kz



