ҚоғамСемейТәуелсіздікке 30 жылТОП

Семейге «Беймәлім Қазақстан» жобасының түсірілім тобы келді

Семейге елдің бірегей жерлері туралы деректі фильмнің эпизодтарының бірін түсіру үшін «Беймәлім Қазақстан» жобасының түсірілім тобы келді, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Жоба Қазақстанның барлық аумағын қамтиды. Деректі фильм түсірушілер тобы шамамен 100 мың шықырымды бағындырып, бірнеше ай ішінде барлық облыстарды аралап шығады.

Бүгін қала басшылығы деректі фильм түсірілушілерді «Семей-Қарауыл» республикалық тас жолында тосып алды және Ұлы Абай жеріндегі жұмыстарына табыс тіледі.

Фото: Семей қ. ақпараттық орталығы
  • Семей қаласының тарихи-мәдени маңызы өте зор. Біздің қаламызда көптеген тарихи орындар бар. Біздің өсіп келе жатқан ұрпақ өз отаны, өзінің тарихи және рухани құндылықтары туралы білулері керек. Осы жоба Тәуелсіздіктің 30 жылында аймағымыздың және бүкіл еліміздің дамуын кеңінен көрсетеді, – деп атап өтті қала басшысы Бақытжан Байахметов.

Жоба үш тілде, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүзеге асырылады. Тұсаукесері 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні өтеді.

  • Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы шеңберінде, бізде «Беймәлім Қазақстан» ғаламат жобасы жүзеге асырылуда. Жобаның басты мақсаты – еліміздің зерттелмеген жерлеріне бару және біз туралы халықаралық аренада біліп, көрулері үшін ол жерлерді халықаралық деңгейге шығару. Интернет ғаламторына кіріп, Қазақстан туралы терсек, өкінішке орай еліміз туралы деректер мен бейнематериалдар анағұрлым аз. Біздің негізгі мақсатымыз – елімізді көрсетіп, тіпті қазақстандықтардың өздері білмейтін таңғажайып тұлғалармен кездесу. Сонымен қатар біз 30 жыл ішінде үлкен бизнеспен айналысып, белгілі бір өнімдер шығарып, елдің дамуына үлес қосып келе жатқан кәсіпкерлермен кездесу. Жоба «Жастарға жол» қоры шеңберінде, біздің серіктестерімізбен бірге, өз қаражатымыз есебінен жүзеге асырылуда. Жоба барысында біздің автокөлік 100 мың шақырымды бағындырып, елдің барлық аумағын қамтитын болады. Біз Семей қаласынан бастадық, өйткені бұл қала біз үшін өте маңызды. Бұл Ұлы Абайдың туған жері. Біз Жидебайда болдық, тарихымен таныстық. Біздің барлық өнім тегін, яғни, біз каналдарға материалдарды тегін береміз, – деп мәлімдеді түсірілім тобының мүшесі, «Indigа Group» медиахолдингінің жетекшісі Рафаэль Гасанов.

Шығыс Қазақстанда түсірілім тобы 8 күн болып,  аймақ туралы барлық қажетті ақпаратты жинайды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button