ӘлемОқиғаТОП

Қытайда кеме аударылып, сегіз адам қаза тапты

Қытайдың оңтүстік-батысындағы Гуйчжоу провинциясының Цзанкэ өзенінде жолаушылар кемесінің аударылуы салдарынан кем дегенде сегіз адам қаза тауып, тағы жетеуі із-түзсіз жоғалды, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Хабарламаға сәйкес, Қытайдың оңтүстік-батысында Гуйчжоу провинциясы Лючжи арнайы ауданындағы Цзанкэ өзенінде жолаушылар кемесі аударылып, салдарынан сегіз адам қаза тапқан және тағы жеті адам із-түссіз жоғалған.

Қазіргі кезде 31 адам құтқарылды.

Оқиға орнында іздеу-құтқару жұмыстары жалғастырылуда.

Зардап шеккендер және қаза болғандардың отбасымен психолог мамандар жұмыс жүргізіп жатыр.

Төтенше жағдайдан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілуде.

Апат салдары әзірге белгісіз.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button