Оқиға орнына келген құтқарушылар саяжай үйінің, гараждың, моншаның және шатырдың отқа оранған ағаш құрылымдарын өшіруге кірісті. От үйден басталып, бір шатырдың астында орналасқан құрылыстарға тез тараған.
Өрт сөндіруге жеке құрамнан 14 адам және 3 бірліктегі автоцистерна жұмылдырылды. Құтқарушылармен 114 шаршы метр алаңдағы отты толықтай сөндірілді.
Оттың шығу себебі – электр қондырғыларын орнатуда және оны пайдалануда өрт қауіпсіздігі шараларын сақтамау. Тозығы жеткен электр сымдарында қысқа тұйықталу орын алып, өрттің шығуына себеп болған.
Зардап шеккендер жоқ.
Semeynews.kz