ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт қауіпсіздігі бұзылған пеш өрттің шығуына әкелген.
- Екі қабатты монша кешеніне жанама орналасқан бір қабатты моншаның ағаш құрылымы өртенді. Өрттің жалпы алаңы 30 шаршы метр. Тілсіз жаумен күресу жеке құрамнан 13 адам және 3 автоцистерна жұмылдырылды. Өрт толықтай сөндірілді, – деді баспасөз қызметінде.
Semeynews.kz