ҚоғамСемейТОП

Семей әкімі азаматтарды қабылдады

Бақытжан Байахметов "Nur Otan" партиясының қоғамдық қабылдауында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Негізінен азаматтар тұрғын үй алу мәселесі бойынша өтініш білдірді, бұл – көпбалалы, мүгедек санаттағы кезекте тұрғандар және апатты үйлердің тұрғындары. Шаһар басшысы Қарағайлы шағын ауданындағы тұрғын үй құрылысының қарқыны алдағы уақытта да артып, кезекте тұрғандардың тұрғын үй мәселесін шешуге мүмкіндік беретініне сенімді.

Өзекті мәселені Талица ауылының тұрғыны көтерді. “Семей-Талица” жолының жағдайы мүлдем қанағаттанарлықсыз, соның салдарынан бірнеше елді мекендермен автобус қатынасы жоқ. Сонымен қатар, ұялы байланыс пен интернет те жоқ.

  • Жағдайды реттеу үшін 2021 жылы қаражат бөлініп, ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Алайда, бұл мәселені толығымен шешпейді, сондықтан жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі орташа жөндеу аясында сараптама мен асфальттауға бюджеттік өтінім береді, – деді Б.Байахметов.

Сонымен қатар қала әкімі “Семей-Талица” автобус маршрутына конкурс жарияланғанын айтып өтті.

  • Ұялы байланыс және интернет қызметтеріне келетін болсақ, “Beeline” операторының ақпараты бойынша, компанияның базалық станциясы Бұлақ ауылында Талицадан 50 км қашықтықта орналасқан және осы елді мекенді толығымен қамтиды. “Қазақтелеком” АҚ сымсыз технология арқылы кең жолақты интернет қызметін де ұсынады. Мен бұл мәселені тағы бір рет зерттеп, байланыс пен интернеттің болмау себептерін анықтауға тапсырма бердім, – деп қорытындылады қала әкімі.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button