
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі мәлім еткендей, Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылында 2 қабатты ғимаратта өрт шыққан. Шатырдың ағаш конструкциялары, қонақ үй бөлмелеріндегі жиһаз өртенді. Сондай-ақ, от жеке тұрған шаруашылық блокқа шарпыған.
- Есептоптар шамамен 300 шаршы метр алаңдағы өртті сөндіруге кірісті, қазіргі уақытта сөндіруге жеке құрамнан 8 адам және 2 автоцистерна жұмылдырылды. Сонымен қатар Ақжар ауылынан қосымша өрт сөндірушілердің күштері мен құралдары келіп жетті. Жергілікті атқарушы органдары 2 арнайы көлікпен су жеткізуді ұйымдастырды. Сағат 17.09-да өрт тежелді, – деп түсіндірді баспасөз қызметінде.
Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталуда. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Semeynews.kz