
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, бүгін, Күршім-Үлкен Нарын тас жолында жол-көлік оқиғасына тап болған азаматтарға құтқарушылардың көмегі қажет болды.
- Рөлді басқара алмаған жүргізушінің көлігі аударылып қалды. Жедел жәрдем қызметкерлері үш зардап шегушіні ауруханаға жатқызды. Алайда, жедел жәрдем қызметкерлері тағы бір жолаушыны темір құрсауынан өздігінен шығара алмалы. № 30 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері арнайы құралдардың көмегімен автокөліктің шатырын ашып, зардап шегушіні абайлап шығарып, дәрігерлерге тапсырды, – деді баспасөз қызметінде.
Semeynews.kz
