ҚоғамСемейТКШТОП

Семей әкімі қаладағы қазандықтарды тексерді

Бақытжан Байахметов қаланың бірнеше қазандықтарын және ЖЭО-1 базасында жабдықталған жылу көздеріне арналған бірыңғай диспетчерлік орталықты тексерді, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Жылу жүйесін цифрландырудың арқасында диспетчер қай учаскеде проблемалар туындағанын көре алады. Бұл орын алған ақауларды тез жоюға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, диспетчерлік орталықта жылу шығынын, жалпы тұтынуды көруге және анықтауға болады. Бұрын бұның бәрі қолмен есептелді. Сол себепті, есептеулер кезінде үлкен қателіктер орын алып, шығарылған жылу энергиясының мөлшерін анықтау мүмкін болмады. Енді қондырғы арқылы шығындарды біліп, күн сайын жіберілетін жылу көлемін білуге болады.

Енгізілген жаңашылдық гидравликалық режимді де бақылауға көмектеседі. Құрылғы оның кемшіліктерін нақты көрсетеді, сол себепті бұл жерде адам факторы болмайды. Егер бір жерде салқын болса, онда гидравликалық қондырғы есептеулерге сәйкес келмейді. Әрбір түйін бойынша нақты жұмыс істеуге болады.

  • 20 қыркүйектен кейін орталық аудандарда ыстық су беру біртіндеп басталады. Ауа-райы суытып, температура төмендей бастаған кезде жылуды қосамыз. Гидравликалық режим де шешілді. Жалпы, қала жылу беру маусымына дайын, – деді Б.Байахметов.

Сонымен қатар қала басшысы басталған жөндеу жұмыстарын аяқтап, жұмыс қорытындысын қайта тексеру ғана қалғанын, сондай-ақ, көп қабатты тұрғын үйлерге назар аударып, дайындық паспорттарын алуды жеделдету қажеттігін айтып өтті.

Semeynews.kz

 

Осы айдарда

Back to top button