ӘлемҚазақстанСпортТОП

Кезекті алтын: Нысана атудан Қазақстан командасы Азия чемпионатында жеңіске жетті

Нысана көздеуден Қазақстан командасы Шымкенттегі Азия чемпионатында кезекті алтын медальді жеңіп алды, деп хабарлайды Semeynews.kz Olympic.kz сілтеме жасап.

Пневматикалық винтовкамен нысана көздеуден командалық жарыста Юрий Юрков, Ислам Усейнов және Алексей Клейменов топ жарды.

Сондай-ақ, аралас командалық сында Ирина Локтионова мен Эльдар Иманқұлов күміске қол жеткізді.

Осы бағдарлама бойынша Ольга Аксенова мен Валерий Рахымжан қола жүлдегер атанды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button