
– Өнеркәсіп өндірісінің өсуі 42,9 млрд теңгеге (29,2%), оның ішінде өңдеу өнеркәсібі – 37 млрд теңгеге (31,2%) қамтамасыз етілді. Жаңадан іске қосылған өсімдік майлары мен мал азығын өндіретін, күнбағыс тұқымын өңдеу қуаттылығы тәулігіне 1200 тоннаны құрайтын «Qazaq – Astyq group» ЖШС зауыты ағымдағы жылдың тамыз айында 3,9 мың тонна өнімді Өзбекстан және Қырғыз Республикаларына экспорттады.
Қыркүйек айында экспортқа тағы да 7,5 мың тонна өнім шығарылады.
Бұдан бөлек, «ФИК «Алел» АҚ инвестиция көлемі 2,3 млрд теңгені құрайтын көмір десорбциясы жаңа цехының құрылысы басталды. Бұл келесі жылдан бастап кен өңдеуді ұлғайтуға мүмкіндік береді және Доре алтын қорытпасын экспорттаудың 4% өсуін қамтамасыз етеді, – деп хабарлады Б.Байахметов.
Қала басшысы «Жоламан» СЛО ЖШС көтерме-тарату орталығы құрылысының аяқталғанын айтып өтті. СЛО шағын және орта ауыл шаруашылығы кәсіпорындары үшін делдалсыз саудаға қол жеткізулерін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, ауыл шаруашылық өнімдеріне бағаны ұстап тұру үшін тұрақтандыру қорына 3,1 мың тонна жеміс-көкөніс өнімдері салынады.
– Өнімділікті арттыруға, егістік және көкөніс дақылдары алқаптарын кеңейтуге, өндірісті жаңғыртуға көп көңіл бөлінеді.
Жалпы, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 8 ай ішінде 14,4 % өсіп, 17,5 млрд теңгені құрады. Соның ішінде, мал шаруашылығы – 14 млрд теңге, өсімдік шаруашылығы – 3,5 млрд теңге. Сондай-ақ егістік алқаптары 5,4 % кеңейтілді, 15,6 мың Га құрады, – деп қорытындылады шаһар басшысы.
Semeynews.kz