ҚоғамОқиғаСемейТОП

Семейде электр сымында болған ақаудан монша өртенді

Ас үй бөлмесінде тұрған тоңазытқыштың электр сымында болған қысқа тұйықталудан от шықты, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Семей қ. ТЖБ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 17 қыркүйекте Би боранбай көшесінде монша өртеніп жатқаны туралы хабар алған. Құтқарушылар оқиға орнына келгенде ғимараттың 2-ші қабаты қатты түтіндеген, құтқарушылармен толық барлау жүргізілді, өрт ошағына дейін жетті. Жалын қабырғаның пластикалық әрлеуіне, есікке жайылған. Өрт сөндірушілермен 8 шаршы метр алаңдағы өрт сөндірілді.

Фото: Семей қ. ТЖБ

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button