ШҚОҚоғамТОПШҚО

ШҚО-да қазақ тілін үйренуге ерекше көңіл бөлінеді

Осы мақсатта Қазақстан халқы Ассамблеясының Достық үйлері, "Возрождение" тіл мектебі, лингвистикалық кабинеттері барлық мүмкіндіктері пайдаланатын болады, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Президенттің “Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі” атты Жолдауында мемлекеттік тілді, елдің мәдени-тарихи мұрасын зерделеуге және тиімді пайдалануға ерекше назар аударылады.

ШҚО активінің отырысында облыс әкімі Даниал Ахметов айтып өткендей, өңірде “ситуациялық қазақ тілі – “Мәміле” жобасын іске асыру жалғасады. Ол өзін ауызекі тілді үйренудің ең қарапайым және тиімді тәсілі ретінде көрсетті. Тарихқа келер болсақ, біз өңірлік археологиялық зерттеулер бағдарламасын жүзеге асыруды жалғастырамыз. Соның арқасында біздің еңбек сіңірген жерлестеріміз тарих ғылымдарының докторы Зейнолла Самашев пен Әбдеш Төлеубаев зерттеу жұмыстарын жалғастрып келеді.

– Біз бірегей артефактілеріміз бен археологиялық олжаларымызды халықаралық деңгейде ұсынуға дайынбыз. Ағымдағы жылдың 28 қыркүйегінен бастап, 2022 жылдың 30 қаңтарына дейін, “Ұлы дала алтыны” көрмесі Кембридж университетінде экспонатталатын болады. Бұл Қазақстанның тарихи мұрасын ілгерілетудегі маңызды қадам, – деді Даниал Ахметов.

Сонымен қатар, 3 томдық “Шығыс Қазақстанның ежелгі дәуірі” және “Қазақстан тарихы” монографияларын басып шығаруға дайындық жұмыстары белсенді жүргізілуде.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button