ШҚОҚоғамТОПШҚОЭкономика

Шығыс Қазақстаннан ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты төрт есеге артады

Үш ірі май экстракциялық зауыт құрылысының арқасында облыста 1 миллион тоннаға дейін май тұқымы өңделетін болады, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО активінің отырысында өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамыту перспективалары талқыланды. Іс-шара Елбасының “Халық бірлігі және жүйелі реформалар-ел өркендеуінің берік негізі” атты Жолдауына арналды. Онда ауыл шаруашылығына ерекше назар аударылды. Негізгі міндеттердің бірі – жемшөп дақылдарының егіс алқаптарын ұлғайту.

Облыс әкімі Даниал Ахметов атап өткендей, инвестициялық жобаларды іске асыру және су шаруашылығы объектілерін пайдалануға беру есебінен 2025 жылға қарай суармалы жерлердегі азықтық дақылдарға арналған алаңдар 28 мың гектарға (барлығы 296 мың га) ұлғайтылатын болады. Бұдан басқа өнімділігі жоғары және майлы дақылдар (күнбағыс, рапс, соя, жүгері) жағына қарай егістіктерді әртараптандыру жалғастырылатын болады.

– Біз, ең алдымен, экспортқа бағдарланған өнім өсіруді және еңбек өнімділігін арттыруды көздеп отырмыз, – деп атап өтті өңір басшысы. – Сондықтан өнімділікті, жайылымдық алқаптарды ұлғайту, ауыл шаруашылығы техникасы паркін жаңарту және өндірістерді жаңғырту бойынша жұмысты жалғастырамыз.

Актив аясында Даниал Ахметов сондай-ақ, ветеринарияны дамытудың кешенді жоспарын әзірлеуді тапсырды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button