
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Халық бірлігі және жүйелі реформалар – елдің өркендеуінің берік негізі” атты Жолдауының негізгі басымдықтарының бірі әлеуметтік көңіл-күйді жақсарту және азаматтардың әл-ауқатын арттыру болды. Ол үшін еліміздің әрбір өңірінде инфрақұрылымды жаңғыртуға, өңірдің ерекшелігін ескере отырып, халықтың өмір сүру сапасы мен табысын арттыру үшін неғұрлым өзекті мәселелерді шешуге бағытталған нақты жобалар іске асырылатын болады.
Атап айтқанда, ШҚО-да жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың маңызды элементі Өскемен, Семей, Риддер және Курчатов қалаларында облыстық маңызы бар қалаларда енгізілген “Халықтық қатысу бюджеті” болады. Ағымдағы жылы осы қалалар тұрғындарының ұсыныстарын ескере отырып, 70 млн теңгеге абаттандыру бойынша 7 жобаны іске асыру жоспарланған.
Сондай-ақ, облыстың еңбек нарығында тиімді экожүйені қалыптастыруға үлкен көңіл бөлінеді. Мәселен, мемлекеттің көші-қон саясатын іске асыру шеңберінде біздің облыс Қазақстанның еңбек күші артық өңірлерінен қоныс аударушыларды қоныстандыру өңірі болып айқындалды. Нәтижесінде соңғы 5 жылда облысқа тұрақты тұруға 3,5 мың адам (1358 отбасы) көшіп келді. Мемлекеттік бағдарлама аясында ерікті түрде қоныс аударуға қатысушылардың барлығы тиісті субсидия, тұрғын үй және жұмысқа ие болды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады.
Semeynews.kz