
ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Глубокое аудандық ПБ кезекші бөліміне 71 жастағы зейнеткер жүгініп, 2021 жылғы 27-28 тамыз аралығында белгісіз тұлға еркін жайылымнан еркін қол жеткізу жолымен жаңа туған бұзауды ұрлап кеткенін хабарлаған. Шығын 50 000 теңгені құрады.
- Жедел-тергеу тобы барлық оқиғаға қатысушылардан жауап алып, күдіктіні анықтады. Ол 33 жастағы Предгорное ауылының тұрғыны болып шықты. Сонымен қатар, тергеу барысында күдіктінің 71 жастағы зейнеткердің шаруа қожалығында бақташы болып жұмыс істегені анықталды. Күдіктіге шұғыл түрде ақша керек болғандықтан, ол малдың иесі сиырдың жақында төлдейтінен білмейді деген сеніммен, жаңа туылған бұзауды сатып қажеттілігін өтемек болған, алайда ол жоспары іске аспады. Күдікті кінәсін толықтай мойындады, жануар иесіне қайтарылды, – деп мәлімдеді баспасөз қызметінде.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-1-бабы (ұрлық) 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Semeynews.kz