ҚоғамСемейТОП

Семейдегі биологиялық орталықта ашық есік күні өтті

Дәстүр бойынша жыл сайын қыркүйек айында Семей қаласының Облыстық балалар биологиялық орталығы мектеп оқушылары мен ата-аналарға, қала қонақтарына және табиғатты сүйетін жандарға ашық есік күнін өткізді, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Бұл күні биологиялық орталықтың өміріне есік айқара ашылды.

Іс-шараға қатысушылар үшін орталықтың педагогтары мен юннаттары үйірмелердің ақпараттық баяндамалар жасап, презентация өткізді. Ашық есік күнінде 200-ге жуық ата-аналар мен оқушылар орталыққа келіп қызықты оқу бағыттарында білім алу үшін үйірмелерге жазылды. Іс-шара барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып өткізілді.

Биологиялық орталық – өскелең ұрпаққа жаратылыстану бағыты бойынша білім-тәрбие нәрімен сусындырып келе жатқан қосымша білім беру ордаларының бірі. Орталықта қазақ және орыс тілдерінде 57 профильдік үйірме жұмыс істейді. Аранжировка және флористика, орнитология, зоология, фенология табиғат және ғылым, бағбаншылық, өсімдіктану, гүлдендіру, дендрология үйірмелеріндегі жас натуралистер мен педагогтардың жұмыстары туралы мазмұнды және бағалы ақпарт берілді.  Ата-аналар мен оқушылар үйірме жұмыстары туралы  көкейіндегі сұрақтарға жауап алды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button