ШҚОҚоғамОқиғаТОПШҚО

ШҚО-да оттан үйді қорғап қалды

Шығыс Қазақстанда биылғы жылы 2 мыңғы жуық жиналған шөп өртенді, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, биылғы жылы облыста барлығы 1949 тонна шөп өртенген, оның ішінде ең көбі Аягөз ауданында – 684 тонна, Тарбағатай ауданында – 636 тонна және Көкпекті ауданында – 179,4 тонна.

Пішеннің жануы, пішендегі өрттер – ауыл тұрғындары тап болатын жыл сайынғы проблема. Дайындалған ауыл шаруашылығы азығын санаулы минуттарда от жалмап кетіп жатады.

Соңғы оқиға кеше Бородулиха ауданының Песчанка ауылында орын алды. Ол жерде шаруашылық құрылыстары, жиналған шөп өртенді. Өрт сөндірушілер келгенге дейін “Песчанка” шаруа қожалығынан су цистерна келіп, қожайындары мен көршілері тұрғын үйді оттан қорғай бастады.

Өрт сөндірушілер жалпы ауданы 135 шаршы метр болатын өртті сөндірді.

Өрт шығуының себебі – отты ұқыпсыз пайдалану, балалардың отпен ойнауы.

Semeynews.kz

 

Осы айдарда

Back to top button