
ШҚО ПД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Өскемен қаласында мердігер мекеме “Сапар Шығыс” ЖК-мен мектептердің және мектепке дейінгі білім мекемелерінің маңындағы жолдарда жасанды төмпешіктер орнатылуда. Аталған жұмыстар “Назар аударыңыздар, балалар!” шарасы шеңберінде жүзеге асырылуда.
“Жасанды төмпешіктің негізгі міндеті – жаяу жүргіншілердің өтуіне арналған учаскелерде көлік жылдамдықтарын мәжбүрлеп төмендеттіру“, – деді баспасөз қызметінде.
Қазіргі уақытта аймақта, 109 мектептің маңына 1 526 метрлік погондық төмпешіктер орнатылды.
Аталған жұмыс жуырда облыстың басқа да тұрғылықты мекендерінде жүзеге асырылады.
Semeynews.kz