ҚоғамСемейТОП

Семей әкімі қала көшелерін жарықтандыру жұмыстарымен танысты

Шаһар басшысы қала көшелерін жарықтандыру жұмыстарының барысымен танысты, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Көшені жарықтандыру жүйесін жаңғырту жобасын мерзімінде жүзеге асыру Семей қаласы үшін өте маңызды. Шамдар мен жарықтандыру шкафтарын, сымдарды ауыстыру жаз бойы жүйелі түрде жүргізілді.

  • Қала көшелерін жарықтандырудың айтарлықтай жақсарғаны байқалады. Бірақ тіректерді жеткізу кешіктіріліп жатыр. Сол себепті, біз қалыптасқан жағдайдың шешімін іздеуге және мердігер ұйымдарды тездетуге мәжбүрміз. Қазіргі уақытта Қабанбай батыр көшесіне шығатын 35 квартал ауданындағы Шугаев көшесі бойынша жарықтандыру бағаналары орнатылуда. Жұмыс барысын мұқият бақылау және оны жеделдету қажет, – деді Бақытжан Байахметов.

Сонымен қатар, 15 жылдан астам уақыт жарық болмаған Пархоменко көшесі жарықтандырылды. Көше тұрғындары бірнеше рет жеке сектордың осы аймағын жарықтандыру туралы өтініш білдірген еді. Өйткені көше өте кең және болашақта абаттандыру жоспарлануда. Атап айтқанда, биыл аталмыш көшеде құмды-қиыршықтасты себу мен грейдерлеу жұмыстарын жүргізілмек, ал келесі жылы асфальт салынады. Нәтижесінде, Пархоменко көшесі, кептелістер жиі орын алатын Қаржаубайұлы көшесіндегі көлік ағынын азайтуға көмегін тигізеді.

Осындай жұмыстар жоспарланған 136 көшенің 103-інде, яғни 73%-ы орындалды. Негізгі назар – автобус қатынасы және әлеуметтік нысандары бар жолдарға аударылды. Сондай-ақ, қиыршық тас төселген көшелер жарықтандырылды.

  • Әсіресе проблемалы көшелер – Морозов, Чайковский, Жангелдин көшесінен автоцонға дейінгі Қаржаубайұлы көшесін айтуға болады. Қазіргі уақытта материал мен жабдықтарды таңдау жұмыстары жүріп жатыр, биыл жарық сол жерде де пайда болады. Қаланың басқа аудандары: Ұшақтар, Комсомол және Березовский кенттеріне баратын жол бойында, Солтүстік кентінде де жарықтандыру жүйесі жаңғыртылуда. Жабдықтарды жинақтау, тіректер мен сым желілерін орнату жұмыстары жүріп жатыр, – деп қорытындылады қала әкімі.

Жаңғырту жобасы аяқталғаннан кейін қала жарықтандырудың 60% – ын үнемдейді. Бүкіл жүйе басқару панелімен байланыстырылған. Онда бұзылу, істен шығу фактілері жазылады, ал диспетчерлік қызмет проблемаларды тез арада түзету үшін шаралар қабылдайды.

Айта кетейік, бұған дейін, Семей әкімі Бақытжан Байахметов қала көшелерінде заманауи энергия үнемдейтін жабдықтарды орнатуға жауапты тайваньдық Everlight компаниясының өкілдерімен кездескенін хабарлаған болатынбыз.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button