
Қайнар ауылы бойынша кешенді даму бағдарламасы қабылданған. Сапар барысында оның іске асырылу барысын тексерді. Кешенді даму бағдарламасына сәйкес, биыл облыстық бюджеттен жолдарды, мәдениет үйін, мектепті жөндеуге және дене шынықтыру-сауықтыру орталығының құрылысына қаражат бөлінді. Сонымен қатар, жылыту маусымына дайындық жұмыстарымен танысты. Қазіргі уақытта ауылдарға көмірді жеткізу басталды.
- Ардагерлермен, белсенділермен, жастармен және ауыл әкімдерімен кездесуде біз мектептер мен медициналық пункттердің, дәріханалардың, балабақшалардың жетіспеушілігі, жолдарды жөндеу сияқты өзекті мәселелерді талқыладық. Бұл мәселелерді алдағы уақытта осы елді мекенді дамыту жоспарына енгіземіз. Сонымен қатар, бүгінде екі ауылды сумен жабдықтау жобасы бойынша құжаттар әзірленуде. Қазан айының соңына дейін олар дайын болуы керек, – деді Б.Байахметов.
Сондай-ақ, кездесуде ауылдарды электрмен жабдықтау, жарықтандыру мәселесіде көтерілді. Алдағы уақытта қала әкімі осы мәселелерді талдап, оларды іске асыру үшін кешенді жоспарға енгізетінін жеткізді.





Semeynews.kz



