ШҚОҚоғамТОПШҚО

ШҚО-да «Жасөспірім» жедел алдын алу шарасы жүргізілуде

Шығыс Қазақстанда "Жасөспірім" жедел-алдын алу іс-шарасы басталды және 19 қыркүйекке дейін жалғасады, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстарды (бұзақылық, тонау, ұрлық, қорқытып алу және т.б.), кәмелетке толмағандардың алкоголь, есірткі және психотроптық заттарды тұтыну фактілерін анықтау және жолын кесу, сондай-ақ кәмелетке толмағандардан заңсыз сақталған заттарды алып қою мақсатында 13-19 қыркүйек аралығында «Жасөспірім» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізуде.

– Іс-шара барысында полицияда есепте тұрған балалар, мектеп оқушылары және оқу орындарының студенттері арасында алдын алу жұмыстары жүргізіледі. Полиция қызметкерлері құқық бұзушылыққа бейім жасөспірімдерді, кәмелетке толмағандардың күдікті топтарын, балаларды құқық бұзушылыққа тартатын ересек адамдарды, қадағалаусыз және панасыз қалған балаларды, сондай – ақ қолайсыз отбасыларды анықтайды, – деді ШҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Талғат Нүриев .

Сонымен қатар, ата-аналармен жасөспірімдер арасында, соның ішінде кәмелетке толмағандардың жыныстық қолсұғылмаушылығы саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы әңгімелесу өткізу жоспарланған.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button