
Талдықорған маңында Toyota және Audi көліктері соқтығысты, алты адам зардап шекті, олардың екеуі оқиға орнында көз жұмды.
Алматы обылысының ПД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, оқиға 12 қыркүйек күні, жексенбіде, Қаратал ауданында орын алған. Toyota Carina және Audi 80 маркалы көліктері соқтығысқан.
“Көліктер бетпе-бет соқтығысқан, нәтижесінде екі жүргізуші көз жұмды. Toyota Carina көлігіндегі төрт жолаушы түрлі дене жарақаттарымен Үштебе ауруханасына жатқызылды”, – деп хабарлады облыстық полицияда.
ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Semeynews.kz