
Бұл туралы онлайн-брифингте емхананың бас дәрігері Жанат Молдағалиева мәлімдеді.
- Пандемия қарқын алуда. КВИ – аса қауіпті жұқпалы ауыру. Вакцина алудан қорқудың қажеті жоқ, бұл осы індеттен қорғанудың жалғыз жолы. Біздің емханада қазіргі уақытта тұрғындардың 80% екпе алды. Бізде вакцинаның үш түрі бар, олар – «Спутник V», «Vero Cell» және «QazVac». Өкінішке орай, бүгінгі таңда бірқатар дүкендерде келушілерден маска тағуды талап етпейді, бұл түпкілікті дұрыс емес. Белгіленген барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау қажет, – деді Жанат Молдағалиева.
Semeynews.kz