Шығыс Қазақстан облысының полицейлері тиісті іс-шараларды өткізу барысында мал ұрлығымен жүйелі түрде айналысып жүрген Ұлан ауданының 31 жастағы тұрғынын анықтады. Ұры еркін мал жайылымынан ұрланған малды бірден өлтірмей, оны оңаша жерге алып кетті, содан кейін ғана оған сатып алушы іздеген. Ең қызығы, ол жануарларды тірі күйінде көлік салонының артқы орындығына сыйғызып, оқиға орнынан әкетіп отырған.
Ағымдағы жылдың қыркүйек айының басында кезекті ұрлықты жасау барысында ұсталды. Оны жолда тоқтатқан патрульдік полиция батальонының қызметкерлері күдіктіні көлік салонындағы тірі жылқымен бірге полиция бөліміне жеткізді. Біршама уақыттан кейін ұрланған жылқының иесі табылды, ол оның жоғалғаны туралы мүлдем білмеген.
Қазіргі уақытта тергеу органымен аталған азаматтың жылқылар мен бұзауларды ұрлауға, оның ішінде өткен жылдары жасалған мал ұрлықтарға қатысы бары анықтады.
«Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасуда, ұрланған малды сатып алушылар анықталуда. Күдіктінің іс-әрекеті ҚР ҚК-нің 188-1-бабы (мал ұрлығы) бойынша сараланады, оның санкциясы 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейінгі қылмыстық жазаны көздейді», – ШҚО ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.
Ведомствода атап өткендей, мал ұрлығына қарсы іс-қимыл Ішкі істер органдарының қызметіндегі басым бағыттардың бірі болып табылады.
Қабылданған алдын алу шараларының нәтижесінде облыс аумағында қылмыстың бұл түрі азайды. Ағымдағы жылы мал ұрлығы үшін қылмыстық жауапкершілікке облыстың 52 тұрғыны тартылды, қылмыстың осы түріне мамандандырылған 7 қылмыстық топтың қызметінің жолы кесілді. Полиция департаменті мал жаю ережелерін сақтауға, әсіресе түнгі уақытта малды қараусыз қалдырмауға және орталықтандырылған мал жаюды жүзеге асыруға шақырады.
Semeynews.kz