
”Ертіс” әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы” АҚ сауда павильондарында әлеуметтік маңызы бар азық -түлік тауарларына, азық -түлік өнімдеріне бағаны тұрақтандыру тетігі шеңберінде (қант – 290 т / кг, тұз – 50 тг / кг, қарақұмық жармасы – 338 тг / кг, майлы күнбағыс – 600 теңге / л, 1 сұрыпты ұн – 155 теңге / кг) тауарлық белгісіз бекітілген бағамен сатылуда.
Кәсіпкерлік бөлімі сауда павильондарын жалға алушылармен және «Ертіс» ӘКК» АҚ – мен тұрақтандыру қорынан өнім жеткізуді ұйымдастыру бойынша жұмысты үйлестіреді, павильондардың қызметіне тұрақты түрде мониторинг жүргізеді. Өнімдерді жеткізу жиілігі – аптасына 1-2 рет.
Тұрақтандыру қорының сауда павильондары қаланың келесі аудандарында орналасқан: Энергетик ықшам ауданы, Әуезов даңғылы (Семей сауда үйінің жанында), Юность көшесі, Шығыс кенті («Қамбар» дүкенінің жанында), Би Боранбай көшесі, Силикат кенті, Шымкент көшесі («Дина» дүкенінің жанында), 342 квартал, 14 -ші ықшам ауданы (2 -ші Школьная көшесі), 1 -ші ықшам ауданы («Шаңырақ» дүкенінің жанында).
Тәжірибе көрсеткендей, сатылатын өнімдер сапасы мен бағасының төмен болуына байланысты қала тұрғындары арасында үлкен сұранысқа ие.
Semeynews.kz



