ҚоғамСемейТОП

Семей әкімі қаладағы жолдарды жөндеу жұмыстарымен танысты

Бақытжан Байахметов Шығыс кентіне барып, кентте жүргізіліп жатқан жолдарды асфальттау жұмыстарын тексерді, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Қазіргі уақытта Шығыс кентіндегі 4 саяжай ауданындағы Өскемен көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, жүргізушілер мен қоғамдық көлік жолаушылары ұзақ уақыт бойы кептелісте тұрмай, кентке жылдам жетуі үшін кенттің орталық көшесін тұрақты кептелістен босату қажет. Бұл үшін бірнеше балама жолдар жасау жоспарлануда.

  • Кептеліс пайда болмас үшін біз параллель жатқан көшелерде құмды қиыршықтастар төгу және грейдерлеу жұмыстарын жүргіземіз. Көшкімбаев көшесінде де аталған жұмысты жүргізіп, оны Аюченко көшесімен байланыстырамыз, ал ол өз кезегінде айналма жолмен қосылады. Бұл жол Өскемен көшесінің бір шақырымнан астам жолын кеңейту жұмыстары кезінде пайдаланылатын уақытша жол болады, – деді қала әкімі.

Шығыс және Водный кенттерінде кептеліс тудырмаудың тағы бір нұсқасы қарастырылуда. Бірақ ол маусымдық болады. Шығыс кенті мен Морозов көшелерін байланыстыратын батпақты жерді толтырып, жолды көтермек. Нәтижесінде көліктер Шығыс кентінен тікелей Морозов көшесіне шыға алады. Содан кейін көлік ағыны үш бағытқа бөлінеді, бұл негізгі көшедегі кептелістерді болдырмауға мүмкіндік береді.

  • Березовский кентінде де асфальт жабынын жөндеу жұмыстары жалғасуда. Келесі жылы 44 көшені жөндеу жоспарлануда. Қаржыландыруды облыстық бюджеттен аламыз. Қазіргі уақыттағы
    қолайлы ауа-райын пайдаланып жұмыстардың көпшілігін уақытында аяқтауды жоспарлап отырмыз. Негізгі проблема маусым аралықтарында жолдарды сақтау. Асфальттың қызмет ету мерзімі ұзаруы үшін басқа да технологияларды қолданамыз, – деп қорытындылады Б.Байахметов.

Семейдегі жолдарды жөндеу – бұл аса маңызды бағыт және оған барынша жауапкершілікпен қарау керек. Негізгі жолдардан басқа, біз қала көшелерінде кептелістерді азайту үшін оң жақ бұрылыстарды ұйымдастыру жоспарлануда.

Semeynews.kz

 

Осы айдарда

Back to top button