ҚазақстанСпортТОП

Фируза Шәріпова айқас алдында салмақ өлшеді

Үш салмақ дәрежесі бойынша кәсіпқой бокстан әлем чемпионы Фируза Шәріпова айқас алдында салмақ өлшеуден өтті. Жекпе-жек 12 қыркүйекте Нұр-Сұлтанда өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі спортшының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айқас 61,235 келі салмақ дәрежесінде өтеді. Шәріпова белгіленген салмақ шегінен асқан жоқ. Оның қарсыласы – ресейлік Любовь Белякова 400 граммға асып кетті. Бірақ, тараптар қосымша санкциясыз өзара келісті.

Сондай-ақ, спортшылар дәстүрлі көз арбасу рәсімін өткізді. «Көшпенділер айқасы 2» турнирін Suleimen Promotions промоутерлік компаниясы ұйымдастырып отыр. Оны Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 16:00-де «Хабар» арнасынан тікелей эфирден тамашалауға болады. Бокс кешінің басты жекпе-жегінде қазақстандық Айдос Ербосынұлы мен гайаналық Леннокс Аллен WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулына таласады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button