ҚоғамОқиғаСемейТОП

Семейде полиция басқармасы маңында жол-көлік оқиғасы болды (ВИДЕО)

Жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам зардап шекті, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Семей қ. ПБ жол-патрульдік полициясы батальонының хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы 11 қыркүйекте сағат 09:30-дар шамасында орын алған.

“64 жастағы Kia Rio көлігінің жүргізушісі Ибраев көшесінен Момышұлы көшесіне шағаберісте, бастыжолда келе жатқан, 36 жастағы жүргізуші басқарған Lexus LX 570 көлігімен соқтығысқан. Соққыдан Lexus LX 570 көлігі аударылып, Момышұлы көшесі бойында келе жатқан 45 жастағы жүргізуші басқарған Toyota LC 150 көлігіне соғылған”, – деп түсіндірді полиция қызметінде.

Полиция қызметінде оқиғаның мән-жайы анықталуда, нәтижесі бойынша әкімшілік шаралар қабылданады.

Семей қ. ППБ

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button