ҚоғамСемейТКШТОП

Семейде жылыту маусымына дайындық жүріп жатыр

Биылғы жылы Семейде жылыту маусымына дайындық жұмыстарына және қалалық қазандықтарды қайта құруға 2 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Орталық, Ғаббасов, 103, 103А, 35 квартал қазандықтарындағы жөндеу жұмыстары аяқталу алдында, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Бұл туралы онлайн-брифингте «Теплокоммунэнерго» МҚК басшысының орынбасары Николай Дёмин мәлімдеді.

  • Мердігер мекеме жылу беру маусымы қарсаңында қазандықтардағы жұмыстың соңғы кезеңдерін аяқтауда. Келе жатқан маусым сенімді болады. Мамандармен барлық есептер жасалды. Шайбалар дайындалды. Мердігер мекеменің мамандары жылу құбырының аумағына орнатып бастады. Жылу желілерін реттеу туралы шешім қабылданды, – деді Николай Дёмин.

Жылу беру сыртқы температураға байланысты беріледі. Егер, үш күн бойы тұрақты түрде  -8 °С суық болса, онда үй жылуға қосылады. Ыстық суға тоқталатын болсақ, сол жағалау тұрғындары ыстық сумен алдағы демалыс күндері қамтамасыз етіледі, ал оң жағалау тұрғындарына жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін тоса тұруларына тура келеді.

  • Біз сол жағалау бойынша ыстық су берген болатынбыз, алайда прафилактикалық жұмыстар жүргізуге байланысты уақытша тоқтаттық. Кешегі күннен бастап ЖЭО-1 қазба жұмыстары басталды, тұрғындар алдымыздағы демалыс күндері ыстық сумен қамтамасыз етіледі. Оң жағалау бойынша қазандықтарда жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бір уақытта жөндеу жұмыстарын жүргізіп, ыстық су беру мүмкін емес. Сондықтан оң жағалау тұрғындарына ыстық су жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін беріледі. Жұмыс жақсы қарқынмен жүруде. Мердігерлер жұмыстың 90 % аяқтады. Ұсақ жұмыстар қалды, жуырда аяқтайды, – деп қорытындылады Н.Дёмин.

Еске сала кетейік, бұған дейін оң жағалаудағы жөндеу жұмыстары 20 қыркүйекке дейін аяқталатыны айтылған.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button