ҚоғамСемейТКШТОП

Семейде мүліктің меншік иелері бірлестігіне ауысу жалғасуда

Семейде пәтер иелерінің кооперативінен мүліктің меншік иелері бірлестігіне ауысу жалғасуда, деп хабарлайды Semeynews.kz.

2019 жылы «Тұрғын үй қатынастару туралы» Заңына өзгерістер енгізілді.

Мүлік басқарудың екі түрі пайда болды – мүліктің меншік иелері бірлестігі (МИБ) және қарапайым серіктестік (ҚС). Бүгінгі таңда қалада ресми түрде 10 МИБ және 60 ҚС тіркелген. Бұл туралы онлайн-брифингте Семей қалалық ТКШ және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының орынбасары Диана Шаяхметова мәлімдеді.

  • Қалада басқару органы бар 781 көпқабатты тұрғын үй және басқару органы жоқ 641 тұрғын үй бар. Бұрын меншіктің басқа түрі болғандар, енді жаңа заң бойынша жұмыс істеуде, яғни МИБ және ҚС құрды. Осы уақыт ішінде ТКШ бөлімінің мамандарымен жаңа мүлік басқару түріне ауысу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Біріншіден шығындардың барлығы ашық болады, 30% басқаруға, 70% үйді қамтамасыз етуге жұмсалады. Яғни, тұрғындар ай сайын ПИК-ке төлеген қаражатқа МИБ немесе ҚС құрады. МИБ бойынша тіркеу әділет органдары арқылы жүргізіледі, ал ҚС тұрғын үй инспекциясы бөлімінде тіркеледі. ҚС бойынша әр меншік иесі ҚС төрағасына жазбаша сенімхат береді. Төраға меншік иелері арасынан үш жылға сайланады. Сонымен қатар тексеру комиссиясы іріктеп алу қажет, жарғы бекітіледі. Бүгінгі күні меншік иелерінде өз үйлеріне бақылау жасау мүмкіндігі пайда болды, – деді Диана Шаяхметова.

МИБ және ҚС қысқа дайындықты бастады. Жылыту маусымына дайындық туралы паспорттары өткізілуде. Басқару органдары жоқ тұрғын үйлермен проблемалар туындауда. Ондағы әрбір меншік иелерінің әрқайсысымен  ТКШ мамандары жұмыстар жүргізуде. Бүгінгі таңда жылыту маусымына тұрғын үйлердің 80 % дайын.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button