ҚоғамОқиғаТОП

Семейде өрт кезінде құтқарушылар бір әйел эвакуациялады

Семейлік құтқарушылар өрт кезінде әйелді эвакуациялап, бір газ баллонды шығарды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Семей қ. ТЖБ баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, ағымдағы жылғы 10 қыркүйекте 13 сағат 31 минутта Шығыс оң жағалау көшесіндегі тұрғын үйлердің біріндегі пәтерде өрт болған. Құтқарушылар келгенге дейін үй тұрғындары пәтерлерінен өз беттерімен шығып кеткен.

“Оқиға орнына құтқарушылар келгенде, пәтердің қонақ бөлмесіндегі жиһаздар өртенген. 5 шаршы метр алаңдағы өрт сөндірілді. Құтқарушылармен бір әйел эвакуацияланды. Сыйымдылығы 27 литрлік 1 газ баллон шығарылды”, – деді баспасөз қызметінде.

Өрттің алдын-ала себебі: электр жабдықтарын орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау.

 

 

 

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button