
Ведомство мәліметінше, 38 жастағы азамат күндіз мас күйде Иманов пен Асан қайғы көшелерінің қиылысында таксиге отырған. Көлік орнынан қозғалғанда салонның артында отырған белгісіз жас жігіт жәбірленушіден құнды заттарын талап етіп, «Самсунг» маркалы телефонын тартып алған. Ал өзін Ташенов көшесі бойында түсіріп кеткен. Зардап шегуші 5 күн өткеннен кейін полицияға шағымданған.
«Жедел іздеу іс-шаралары барысында 21 жастағы күдікті ұсталды. Ұсталған адам зардап шегушінің телефонын сатып жібергендіктен жаңа телефон сатып алып беруге мәжбүр болды. Тонау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында жас жігіттің бұған дейін де елорда аумағында кісі тонағаны үшін қылмыстық жауапқа тартылғаны анықталды. Қазіргі уақытта оның дәл осындай басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр»,- деп атап өтеді департаменттен.
Semeynews.kz