ҚазақстанҚоғамОқиғаТОП

Алматыдағы жол-көлік оқиғасында полиция қызметкері көз жұмды

Алматы қ. ПД ақпараты бойынша оқиға Жандосов-Шаймерденов көшелерінің қиылысында болған, деп хабарлайды Semeynews.kz Ratel.kz сайтына сілтеме жасап.

Mitsubishi Carisma дүкен маңындағы жол жиегінде тұрған және оның ішінде үш жігіт болған.

Жандосов көшесі бойымен батыс бағытқа қарай қатты жылдамдықпен келе жатқан Subaru Legacy көлігі Шаймерденов көшесімен қиылысатын бұрылыста, белгісіз себептерге байланысты жолдың қарсы бағытына шығып, бар жылдамдығымен жол жиегінде тұрған Mitsubishi көлігіне соқтығысқан.

Қатты соққыдан екі көлік бірдей бірнеше ондаған метрге ұшып кеткен, сонымен қатар Subaru жарықтандырудың бір бағанасын қиратып екінші бағанаға соғылған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан Mitsubishi көлігінің 1985 жылғы жүргізушісі және 1987 жылғы жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Олардың біреуі Алматы облыстық полиция департаментінің қызметкері.

Бес адам зардап шекті – Subaru көлігінің жүргізушісі және үш жолаушысы және Mitsubishi көлігінің жолаушысы. Барлығы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

Жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайын анықтау үшін оқиға орнында криминалистер мен тергеушілер жұмыс жасауда. Subaru көлігінің салонынан бір шөлмек виски табылды.

«Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Бірқатар сараптама тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша апат хронологиясы шығады. Сол арқылы тергеп-тексерудің толықтығын, жан-жақтылығы мен объективтілігін қамтамасыз етуге болады»,- деп хабарлады ведомствода.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button