
60 жастағы емшіге қатысты полиция ҚР ҚК 190-бабының 1-бөлігі (алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғаған.
Жәбірленушінің жұбайының айтуынша, 2020 жылдың басында ол күйеуімен бірге Төлеби ауданындағы белгілі шөппен емдейтін емшіге қаралу үшін Тұрар Рысқұлов ауылына келген. Ерлі-зайыптылар ем қабылдап, сонымен қатар тағдырларын жақсартпақ болған. Қабылдау кезінде жұбайы емшіге күйеуін полиция қызметінен әділетсіздікпен (теріс қылықтары бойынша) шығарып жібергенін айтқан. Әңгімесін толық тыңдаған емші, жағдайды түзетуге уәде берген. Дұға арқылы күйеуін бұрынғы қызметіне қайта оралуына көмектесетіне сендірген және осы қызметін 1 500 000 теңгеге бағалаған.
Ерлі-зайыптылар ақылдасып, бір ай өткеннен кейін емшіге 1 500 000 теңгені әкеп берген. Содан кейін үйлеріне оралып, 2021 жылдың маусымына дейін “қызметке қайта оралуын” тосқан. Ал экс-полицей қайта погон кимеді.
Тергеу және сот барысында емші өз кінәсін толықтай мойындады, шығын сомасымен келісті. Ол уақытша жұмыс істемеіне байланысты жәбірленушілермен есептесудің нақтылы уақытын айта алмады.
Төлеби аудандық соты оған екі ай ішінде есептесуді және 1,5 миллионға қоса оның бір пайыз мөлшерінде, 15 мың теңге көлемінде мемлекеттік салықты белгіледі. Алаяқтығы үшін әйел адам шартты түрде бір жылға бас бостандығынан айырылды. Осы мерзім ішінде оған түнгі клубтарға, барлар мен ойын-сауық орындарына баруға тыйым салынды.
Semeynews.kz