ҚоғамОқиғаСемейТОП

Семейде Көкентау ауылында үш үйдің жинаған шөбі өртеніп кетті

Көкентау ауылында тұрғын үй ауласында жиналған шөп өртенді, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Семей қ. ТЖБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 8 қыркүйекте құтқару қызметіне Көкентау ауылындағы жеке тұрғын үйдің ауласында шөп жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндірушілер шақыру орнына келген сәтте жалын көрші 2 үйдің жиналған шөбіне өршіген. Өрттің жалпы ауданы 110 шаршы метр.
Өрттің алдын ала себебі-электр жабдықтарының авариялық режимі.
Үй тұрғындарының айтуынша, қатты жел кезінде электр желісінің бағанынан сым үзіліп, бұл өртке әкелді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button