ШҚОҚоғамТОПШҚО

ШҚО-да пробация қызметінің тәртібін бұзған 80 сотталған колонияға жіберілді

ШҚО ҚАЖ департаментінің Үлбі аудандық пробация қызметінде есепте тұрған 80 сотталған жаза өтеу тәртібін бұзғаны үшін колонияға жіберілді, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Үлбі аудандық пробация қызметінің қызметкерлері есепте тұрған, жазасын өтеу шарттарын бұзған 80 сотталғанды анықтады. Пробация қызметінде сотталғандарға жаза өтеу шарттарын бұзған жағдайда жазасының өтелмеген бөлігі бас бостандығынан айырумен алмасуы мүмкін екенін ескертілген. Алайда, өздеріне тиісті қорытынды жасамағандықтан пробация қызметінің қызметкерлері оларға құжаттар жинап, бас бостандығын шектеу жазасын бас бостандығынан айыруға ауыстыру үшін сотқа жолдады.

“Қызметкерлер пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар арасында құқық бұзушылықтардың және жазаны өтеу жағдайларының алдын алу және қоғамдық орындарда жасалатын қылмыстардың алдын алу бойынша тиісті жұмыс атқарды. 80-ге жуық адам жазаны өтеу шарттарын қасақана бұзған. Олардың 75-і колонияға жолданып, тағы 5 құжат сотта қаралуда”, – деп атап өтті Үлбі ауданының бөлім бастығы Алмас Бұйратов.

Айта кету керек, бүгінгі таңда ШҚО бойынша ҚАЖ Департаменті Үлбі ауданының пробация қызметінде 300-ден астам есепке алынған тұлғалар есепте тұр.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button