
Семей қалалық ПБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, “Құқықтық тәртіп” жедел-прафилактикалық шарасы барысында қала көшелерінің бірінен 29 жастағы қалалық тұрғын тізгіндеген “Додж” көлігі тоқтатылды. Тексеру барысында жүргізушінің масаң күйде болғанына күдіктенген тәртіп сақшылары медициналық куәландырудан өткізуге апарған. Куәландыру қорытындысы бойынша “жеңіл дәрежедегі” алкогольді масаңдық анықталды.
- Жүргізуші бұрындары Семей қалалық мамандандырылған әкімшілік сотымен 7 жылға көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылған, – деп түсіндірді Семей қ. ПБ бастығының бірінші орынбасары Жандарбек Ахметжанов.
Құқықбұзушы уақытша қамау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 346-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Semeynews.kz