ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға “Өскемен-Риддер” тас жолында сағат 18:00 шамасында орын алған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан алдын ала болжам бойынша 17 тонна көлемінде жанар-жағар май аққан.
- Оқиға орнына құтқарушылар дереу жетіп, өртті болдырмау үшін жанармай төгілген жерді көбікпен оқшаулады. Оқиға орнында 3 автоцистерна және жеке құрамнан 12 адам жұмыс істеуде, – деп түсіндірді ШҚО ТЖД.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға салдарынан екі адам зардап шеккен. Жедел-жәрдем дәрігерлерімен олар ауруханаға жеткізілді. Жол-патрульдік полиция қызметкерлерімен жол уақытша жабылды.
Semeynews.kz