ШҚОҚоғамҚылмысТОПШҚО

ШҚО-да тағы бір мас жүргізуші ұсталды

Өскеменде бұрын жүргізу құқығынан айырылған, көлік тізгіндеген мас жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Өскемен қ. ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлерімен 41 жастағы ер адам тізгіндеген MITSUBISHI PAJERO автокөлігі тоқтатылды. Құжаттарын тексеру барысында жүргізушінің мас күйінде болғаны, сонымен қатар оның бұрын көлік жүргізу құқығынан айырылғандығы анықталды.

  • Одан әрі тексеру кезінде 2019 жылғы тамызда сот қаулысымен аталған жүргізуші автокөлік құралдарын басқару құқығынан үш жылға айырылғаны анықталды. Алайда, өзі үшін қорытынды жасамай тағы да ішімдік ішіп автокөлік жүргізген,-деді Өскемен қ. ПБ бастығы А.Мула.

Аталған факті бойынша жүргізушіге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 346-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы), ал автокөлік арнайы айыппұл тұрағына қойылды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button