Қалалық тілдерді дамыту және мәдениет бөлімінің хабарлауынша, меншік иесі ғимаратты тарихи-мәдени сараптамадан өткізуге шешім қабылдаған. Қазіргі уақытта “Павлодар педагогикалық университеті” КЕАҚ «Margulan centre» келісімшарт жасалған. Олар жақын уақытта архитектуралық ескерткішті зерттейді.
- Қазіргі уақытта ғимараттың іргетасын нығайту және сыртқы қамтамадан тазарту жұмыстары жүргізілуде. Іргетасы нығайтылғаннан кейін ескі кірпіштерді қалау, сондай-ақ ғимараттың сыртқы сәулеттік келбетін қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізіледі, – деп түсіндірді қалалық мәдениет бөлімінде.
Қонақ үй ғимаратын 1900 жылы көпес Сахно салғызған. 1924 жылға дейін ғимарат жеке тұлғалардың жалға алуында болған. Сол уақытта қонақ үй “Европа” деп аталған. 1933 жылғы қыркүйектен бастап ғимаратта Кеңестер үйі орналасты. 1966 жылы ғимарат “Ертіс” қонақ үйі болып қайта өзгерді.
Еске сала кетейік, 2020 жылғы күзде меншік иесі ескі ғимаратқа жанасқан құрылысты бұзып тастады.
Semeynews.kz