ШҚОҚоғамТОПШҚО

Үржарда көше жолдары жөнделуде – ШҚО

Биыл Үржар ауданында көше жолдарын жөндеу жұмыстары, сонымен қатар, жарықтандыру жобалары жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Былтыр Қарабұта-Ақшоқы бағытындағы 22 шақырым және Үржар-Қызылту ауылы бағытындағы 9,5 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

– Мақаншыда 4,5 шақырымды, Алтыншоқыда 3,8 және Үржар ауылында 34,9 шақырымды құрайтын көше жолдары жөндеуден өткізілді. Биыл «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 4 ауылдың жалпы ұзындығы 22,8 шақырым жолын жөндеуге 504,6 млн теңге қаржы бөлінді. Олар Жоғарғы Егінсу, Келдімұрат, Қабанбай, Таскескен ауылдары. Сонымен қатар, Жоғарғы Егінсу мен Таскескен ауылдарының көшелерін жарықтандыру үшін 55,0 млн теңге бөлінді, – дейді аудан әкімі Нұржан Тоқсейітов.

Оның айтуынша, аудандық бюджет қаражаты есебінен Қабанбай, Ақшоқы, Мақаншы, Үржар, Қызыл ту, Көктерек, Егінсу, Қарақол, Елтай, Қарабұлақ ауылдарының  көшелеріне жарық тарту жұмыстары жүргізілуде.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button