ШҚОҚоғамТОПШҚО

Шығыс Қазақстанда ХҚО-лар 5 күндік жұмыс кестесіне көшті

Шығыс Қазақстан облысында халыққа қызмет көрсету орталықтары 5 күндік жұмыс кестесіне ауысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Азаматтарға арналған үкімет» ШҚО бойынша филиалы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгіннен бастап өңірдегі ХҚКО-лар бес күндік жұмыс кестесіне көшті.

Теріс немесе бейтарап мәртебесі бар шығысқазақстандықтар мемлекеттік қызметтерді кезексіз ала алады.

«Коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін келушілерді қабылдайды. Ал сенбі, жексенбі күндері орталықтар жабық болады. Сондай-ақ қызмет алушыларға ыңғайлы болу үшін Өскемен және Семей шаһарларында дүйсенбі-жұма аралығында 9:00-ден 20:00-ге дейін бір кезекші бөлім жұмыс істейді. Кезекші бөлімдердің мекенжайлары: Өскемен қаласы Белинский көшесі, 37а және Семей қаласы Б.Момышұлы көшесі, 22», – делінген ақпаратта.

Осы ретте «Азаматтарға арналған үкімет» ШҚОФ өңір жұртшылығынан халыққа қызмет көрсету орталықтарына барған кезде санитарлық талаптарды бұзбауды, маска тағуды және әлеуметтік қашықтықты сақтауды сұрайды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button