ҚазақстанСпортТОП

Қасым-Жомарт Тоқаев Паралимпиада жүлдегерлерін марапаттады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Паралимпиада жүлдегерлерін марапаттау туралы жарлыққа қол қойды. Құжат Ақорда сайтында жарияланды, деп хабарлайды Semeynews.kz Sputnikке сілтеме жасап.

“Токио-2020 ХVI Жазғы Паралимпиада ойындарындағы аса үздік спорттық жетістіктері үшін “Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиадалық комитеті” ҚБ нұсқаушы-спортшыcы Давид Мамиевич Дегтярев ІІІ дәрежелі “Барыс” орденімен наградталсын”, – делінген жарлық мәтінінде.

Зарина Байбатина, Теміржан Дәулет, Әнуар Сариев “Парасат” орденін кеудесіне тақты.

Нұрдәулет Жұмағали “Құрмет” орденімен марапатталды.
Еске сала кетейік, қазақстандық Давид Дегтярев (пауэрлифтинг) 54 келіге дейінгі салмақта алтын алды, ол 174 килограмдық зілтемірді көтерді.

Денис Дегтярев
Паралимпиада ойындарының чемпионы Давид Дегтярев

Дзюдошылар Зарина Байбатина, Әнуар Сариев және Теміржан Дәулет күміс медаль иеленді.

Парадзюдоист Ануар Сариев на Паралимпийских играх в Токио
Дзюдошы Әнуар Сариев

Жүзуші Нұрдәулет Жұмағали Қазақстан қоржынына “қола” салды.

Нурдаулет Жумагали выиграл бронзовую медаль паралимпиады в Токио
Нұрдәулет Жұмағали Токио Паралимпиадасының қола жүлдегері атанды.

Жалпы ел құрамасы Паралимпиада ойындарында бес медаль жеңіп алды.
Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button